Қазақстан республикасының Преиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға байланысты мәлімдемесінде ауылшаруашылық өнімдерінің аясын кеңейтіп, әсіресе балық пен құс шаруашылығына баса мән беру қажеттігін атап айтқан еді.
Жамбыл облысында құс шаруашылығы жақсы дамып келеді. Шу ауданына қарасты Қонаев ауылының тұрғындары тауықпен қатар, қазы үйрекпен де бұрыннан айналысса, енді шаруалар бөдене өсіруге де ден қоя бастады.