Жыл өткен сайын елімізде электр қуатына деген тапшылық сезіліп келеді. Одан шығудың жолы алып электр станциясын салу. Дегенменде оны жүзеге асыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Екі ұдайы пікір де бар. Сондықтанда Президент жолдауында бұл мәселені халықтың өзі шешетіндігін атап айтты. Референдум өтетін 6 қазан шешуші сәт болмақшы. Жолдауда көрініс тапқан Президенттің бұл ұстанымын ел де бірауыздан қолдап, қуаттап отыр.