Биылғы оқу жылында 365 мың оқушыға арналған 221 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты айтты. Оның сөзінше, былтыр еліміз бойынша 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл арқылы 29 үшауысымды және 12 апатты мектептің мәселесі шешілген. Сонымен бірге, Ғани Бейсембаев мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілгенін айтты. Ал Қазақстандағы әрбір екінші оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр 58 алтын медаль жеңіп алған.