Германия канцлері Олаф Шольц, Қазақстанға ресми сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, мәртебелі мейманды Ақордада салтанатты түрде күтіп алды. Мемлекет басшысы шағын құрамдағы келіссөз кезінде канцлер сапарының тарихи мәні зор екенін атап өтті. Себебі Германия Үкіметінің басшысы соңғы 14 жылда елімізге келмеген.