Спортшыға құрмет! Жамбылдықтар Парижде өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жүзуші Нұрдәулет Жұмағалиды Әулиеата Әуежайынан зор қошеметпен күтіп алды. Спортшы мен оның бапкеріне сый құрмет жасалып, Жамбылдықтар атынан пәтер және автокөлік кілттері табыс етілді.