Мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс қорытындыланды
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс турнирі қорытындыланды. Екі күнге созылған сайысқа 18 команда құрамында 54 мемлекеттік қызметші қатысып, өзара білімін, шешендік және ой қорыту шеберлігін сынады. Бүгін турнирдің шешуші кезеңі өтіп, үздіктер анықталды.