Дрифт және фейерверк жазасы
Бейнебақылау камералары арқылы орталық көшелердің бірінде көлікпен дрифт жасап, қоғамдық орында фейерверк атқан 22 жастағы азамат анықталды. Түнгі уақытта жасалған бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындардың тыныштығын бұзумен қатар, жол қозғалысына және айналадағы нысандарға қауіп төндірген.Құқық бұзушыға бірнеше әкімшілік бап бойынша тиісті шара қолданылды. Істі сот қарап, азаматты 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, түнгі уақытта тыныштықты бұзбауға және көлік жүргізу кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға шақырады. Қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтап, өзгелердің тыныштығына құрметпен қарау маңызды.