Халықаралық конференция
Шетелдік және отандық ғалымдар Таразда бас қосты. Көне шаһарда «Байсалов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми жиынға еліміздің әр өңірінен келген зерттеушілермен қатар шетелдік мамандар қатысып, Қазақстанның тұрақты дамуы мен жер қатынастарын жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі назар – құқық, экономика және экологияға аударылды.