Сенаторлар референдумға дайындық барысын талқылады. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысында Халық штабының қызметіне сенат депутаттары да белсенді қатысып, өңірлерге баратынын айтты. Олар халықпен кездесіп, референдумның мәнін және атом электр стансасын салудың маңызды екенін түсіндіреді деді. Сондай-ақ, бюро отырысында алда өтетін Жоғарғы палатаның күн тәртібі нақтыланды. Депутаттар елдегі мопед жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар туралы заң жобасын қарайды.