Алдағы референдумға орай құрылған Республикалық штаб мүшелері Жамбыл ауданында халықпен кездесті. Штаб құрамында партия мүшелері мен парламент депутаттары бар. Олардың айтуынша, АЭС- еліміздегі энергия тапшылығының алдын алады. Ал, ХХІ ғасырда энергетикалық тәуелсіздік даму жолында жасалған тағы бір қадам болмақ.