Біздің елімізде атом электр станцияларын салудың артықшылықтары мен тиімділігі көптен бері жан-жақты талқыланып келеді. Технологияның қарыштап келе жатқан кезеңінде, үздіксіз энергия көздеріне көшу заман талабы. Алайда, бұл мәселеге қатысты қоғамда пікір екіге жарылғандықтан, бүгін штаб өкілдерінің кезекті отырысы өтті.