Негізгі Жаңалықтар Білім берудегі жаңа белес

Білім берудегі жаңа белес

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің білім беру саласы үлкен даму жолынан өтті. Мұғалімдердің біліктілігі артып, жаңартылған білім мазмұны енді. Саладағы көптеген реформалардың арқасында оқушылар мен ұстаздар қауымына лайықты жағдай жасалды. Сонымен қатар, балаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, ыстық тамақпен, сапалы оқу құралдарымен қамту да бірінші кезекте болды. Жамбыл облысының, оның ішінде Шу ауданының білім саласы да 35 жылда айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, өңірімізде үздіктер қатарында келеді.


Бөлісу