Шуда кітап оқуға қызығушылық артып келеді
Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Бастама аясында Шу ауданындағы кітапханаларда да бірқатар іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандармен жұмыс жандана түскен. Жобаның негізгі бағыты – тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру.