«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекіді
Әр тиынның сұрауы болады. Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаржының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Президент арнайы Жарлыққа қол қойды. Комиссия инфрақұрылымдық жобалардың уақтытылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен мерзімін жіті назарда ұстайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және бизнес өкілдері енді. Олардың қатарында «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Нұрбек Бекбау да бар. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.