«Quiz-2026»: Жастар сайысы
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар «Quiz-2026» республикалық интеллектуалды ойынында бас қосып, құқықтық білімдері мен зияткерлік қабілеттерін сарапқа салды. Маңызды сайыстың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу.