Ауылдың дамуы – елдің дамуы
Елдің энергетикалық қауіпсіздігі, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және аграрлық саланың тиімділігін арттыру. Бұл – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттердің бірқатары. Алайда ауқымды жоспарлардың нәтижесі ең алдымен ауылдағы ағайынның тұрмысынан көрінуі тиіс. Осы мәселелер Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Қайрат ауылында өткен кездесуде талқыланды. «Әділет» партиясының өкілдері тұрғындарға Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіріп, өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.