Жасөспірімдер қылмысы 7 пайызға төмендеді
Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен бопсалауға қатаң тосқауыл қою. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жамбыл облысында жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау күшейтілді. Полиция мен педагогтердің жүйелі жұмысы өз нәтижесін беруде. Жыл басынан бері өңірде жасөспірімдер қылмысы шамамен 7 пайызға төмендеді. Ал балаларға қатысты жасалған қылмыстар саны бірден төрттен бірге азайған.