Сапалы тексеріс – қауіпсіз қозғалыс
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инпекциясының басшысы заңдылық, қауіпсіздік және құқық қолдану мәселелері бойынша халықпен, тасымалдаушылармен, техникалық байқау орталықтарының және сала өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында техникалық байқау жүйесінің сапасын арттыру мәселесі талқыланды. Жиында қолданыстағы заң талаптарын сақтау, мемлекеттік бақылауды жетілдіру және операторлардың жауапкершілігін арттыру жайы сөз болды.