Жамбыл облысында коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 38 503 адам кезекте тұр. Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 12,3 млрд. теңгеге 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал құрылысқа бағытталған даму бюджетінің жартысына жуығы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

«AMANAT» партиясының облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы және «Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық кеңесімен бірлескен отырысында құрылыстың сапасын арттыру мен жақсарту жайы талқыланды. Салаға жауапты құзырлы мекеме басшылары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.