ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков өңірге жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында алғаш болып Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі студенттерімен және оқытушы құраммен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді. Келер жылы жұмысшы мамандықтарының жылы екеніне тоқталып, оқу ордасының қажетті мамандықтарды дайындауда материалдық – техникалық базасы жоғары екенін атап өтті.