Бүгін мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Іс-сапары аясында М. Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы құрамы және студенттермен кездесті. Сондай-ақ, өңір педагогтерімен жиын өткізді. Басқосуда Президенттің ұлттық құрылтайда айтқан сөздері мен Жолдауы жайлы сөз қозғады.