Атом электр станциясын салу – уақыт талабы.Бүгінгі таңда атом энергетикасы үздіксіз энергия өндірудің жалғыз ғана көзі саналып отыр. Сонымен қатар, ғылым мен білімнің дамуына ықпал ететін жоғары технологиялық сала.

Қазіргі таңда әлем бойынша 32 елде 441 энергетикалық реактор қолданыста. Бұдан бөлек, тағы 17 мемлекетте 51 реактор құрылыс сатысында. Біздің елімізде де АЭС салу өзекті мәселе болып отыр.