ҚР Президенті Әкімшілігінің және сегізінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мойынқұм ауданының әкімі лауазымына Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы тағайындалды.Ербол Қарашөкеев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Мойынқұм ауданының әлеуетін тиімді пайдаланып, шалғай ауданның ахуалын арттыру бойынша басшылықтың алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Ермек Амангелдіұлы 1966 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.Білімі жоғары. Еңбек жолын Жамбыл ауданаралық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде меңгеруші болып бастаған. 2023 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.