Жамбыл облысында келесі жылы 3 үлкен су қоймасын салу жұмыстары басталады. Қазір осы бағыттағы шаруалар нақтыланып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі брифингте айтты.

Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы елді мезі қылған сағызша созылған жаңғырту жұмыстарының қашан аяқталатынын нақтылады. Жылдар бойы шешімін таппай отырған шайынды суларды тазарту кешені бағытында атқарушы билік тарапынан қандай шаралар қолға алынғанын баяндады.