Жамбыл облысы жеті айдағы көрсеткішті даму көрсеткішін ойдағыдай орындады. Өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыс саласындағы жұмыстар 100- пайыздан асқан. Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 1жылда аймақта атқарылған жұмыстарды саралап есеп берді.

Өңірлік коммуникациялар алаңында мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын мәселелердің Жамбыл облысында орындалу барысы туралы баяндаған аймақ басшысы әр салаға жеке тоқталып, тындырылған тірліктер мен өңірдегі өзгерістер туралы тарқатты.