Облыстық Қоғамдық кеңестің мониторингтік тобы “Таза Қазақстан” акциясы аясында Талас ауданындағы бірнеше нысанға эко-мониторинг жүргізді. Арнайы топ, тарихи-мәдени нысандарға, абаттандыру, суару жүйесі, экополигон, жер қойнауының қазбаларын пайдаланатын мекемелерге арнайы барды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері аудан әкімімен жүздесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.