Жыл аяқталуға жақын қалды. Ал, қаланы дамыту мен өзекті мәселелерді шешуге жасалған жоспардың орындалу жағы қалай? Бұл тұста, Тараздықтардың айтар тілегі мен берер бағасы да бар екен. Күні кеше қала әкімі Бақытжан Орынбеков баспасөз алаңында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, цифрларды сөйлетті. Оған қоса, көптің көкейінде жүрген сұратарға жауап беріп, болашақ бағытты да айта кетті.