Биыл Жамбыл облысына – 85 жыл. Ширек ғасырдың үшеуі мен онжылдықты артқа тастаған өлке содан бері талай белестен өтті, жаңғырды, жаңарды. Тоқырау кезеңді да өткерді- тоқтап қалмады, замана көшімен бірге дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде экономикасы қуатты шуақты өңірдің бірі. Ел дамуына қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан облыстың мақсаты айқын, болашағы жарқын. Сан саланы дамытып, игілікті істерді ілгерілету үшін сұранысқа сай жоба-жоспарлар түзілді, жемісін нақтылы кезеңде инвестицияның игілігін ел көруде. Басқа да атқарылып жатқан тірліктер аз емес.