Қазақстан күріш пен мақта алқабын азайтып жатыр. Себебі бұл дақылдарға су өте көп қажет. Биылдың өзінде 23 мың гектарға қысқарды. Бидай алаңы да 450 мың гектарға азайған. Есесіне қылша мен майлы дақылдар егістігі көбейген. Бүгін үкіметте ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер қаралды. Министрдің айтуынша су үнемдеу технологияларын қолдана отырып сурамалы жерлерді 150 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Оған кеткен шығынның 80 пайызын бюджет өтеп береді.. Жарты жылдың қорытындысы бойынша агро салаға 410 млрд теңге инвестиция тартылды. Шаруаларды субсидиялау жүйесі де жетілдірілді.