Үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Биыл 11-рет өткізілген жоба жалпыхалықтық сипат алып келеді. Әрі конкурсқа қатысушылардың да қатары жылдан-жылға артуда.

Облыста 2014 жылы бастау алған бұл байқауда осыған дейін 2500-ден астам отбасы бақ сынады. Олардың 60%-нан астамы көпбалалы, 205-і интернационалдық. Ал, биылғы жобаға 200 ден астам жанұя бағын сынап, 22-і облысқа жолдама алды.