Бүгін құқықтық мониторинг орталығында прокуратура қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Оған қала тұрғындары жеке сұрақтары бойынша барып, сұрақтарын қойып, жауап алды.
Нақтырақ айтсақ, Кездесуде жұмысқа орналасу, алимент төлеу, тұрғын үй, балабақшаға кезекке тұру сынды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.