«Баласағұн» орталық концерт залында «Домбыра – дастан» атты домбыра рarty ұйымдастырылды. Қос ішектің күмбірі мен жүректің үн жыры астасқан іс шарада өресі биік өнерге кезек берілді.

Домбыра күніне орай өңір өнерпаздары ат салысқан думан Жамбыл облысының 85 жылдығына және К.Әзірбаевтың 140 жылдығына арналды.