Соңғы кезде велосипедке көшкен қалалықтардың қатары артқан. Экологиялық жағынан таза, әрі дене шынықтыруда да таптырмас құрал. Әйтсе де, жолдағы қауіпсіздік жағынан келгенде қауқарсызбыз. Өйткені, шаһарда көліктің бұл түріне арналған арнайы жол жоқтың қасы.
«Тараз -Арена» спорт кешені жағындағы веложол жеткіліксіз болып тұр. Орталық көшелерде жұртшылық қалың көлік нөмірімен қатарласып айдауға мәжбүр.