Шалғайдағы ауылға су бұрқақ, ту тұғыры салынып, стадион қайта жөнделді. Бұл жұмыстарға қазына қаржысы шығындалған жоқ, ауыл азаматтарының көмегімен жүзеге асты.

Нақтырақ айтсақ, Талас ауданы Ойық ауылында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымағы жарасқан жомарт түлектер біраз тірлікті тындырыпты. Игі бастама аясында ас беріліп, спорттық ойындар да ұйымдастырылды.