Төрт түліктің бабын тапқан шаруалар енді балық шаруашылығын дамытуға да ден қойып келеді. Бұл бағытта мемлекет қолдауы да ерекше. Патша балық, сазан, көксерке сияқты түрлі балық өсірген Әулиеаталықтар енді Австралиялық шаян өсіруге де ниетті.
Бұл орайда Жамбылдағы жоғары оқу орындарының бірінде аквамәдениет ғылыми зерттеу орталығы ашылып, судағы шаруаның шырайын кіргізуге сеп болмақ.