Елімізде алдағы 5 жылға тасқынның алдын алу жоспары әзірленбек. Бүгін Үкімет басшысы осындай тапсырма берді. Олжас Бектенов бұл жұмысқа мықты сарапшыларды тартуымыз керек деді. Өйткені елдімекендерді жылда су басып жатыр. Төтенше жағдайлар вице-министрінің айтуынша қазір елімізде ахуал әлі күрделі. Әсіресе Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай секілді 5 өңірде тасқын толастар емес. 20 елдімекенде төтенше жағдай жарияланған.