Жамбылда құжатының арғысы 4, бергісі 2 жылдан бері әзірленіп жатқан жобалар бар. Оның тіпті кейбірі ескірген. Көбісі құрылыс басқармасына тиесілі. Қыруар қазына қаражаты жұмсалған бұл жобалардың жайы енді не болмақ? Аймақ басшысы мәселені кезекті аппарат отырысында жауаптылардан сұрады.

Жиында көктемгі дала жұмыстарының барысы да қаралды. Ербол Қарашөкеев аудан әкімдеріне қыр басындағы шаруаға қырын қарамай, кабинеттен шығып, тірлікті тиянақты қадағалауды тапсырды. Себебі биыл ел бойынша ауылшаруашылығына түгендеу жұмыстары жүргізілмек.