Шу ауданында 2022 жылы 11,0 млрд. теңгеге 38 жоба іске қосылса, биыл 12,0 млрд. теңгеге 137 жоба жүзеге асуда. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы Бірлік және Жаңақоғам ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуде айтты.

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық салалық басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.