Меркі ауданында ардагер ұстаз Совет Сансызбаев атындағы кабинет ашылды. Еңбек жолында бірқатар басшылық қызметтер атқарып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан азамат атынан ашылған бөлмеден құнды мәліметтер алуға болады. Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, келушілерге көңіл- күй сыйлады.