Халыққа берілген уәде қалтарыста қалып қоймауы тиіс. Бүгін «Аманат» партиясының алғашқы аймақтық форумында депутаттар мен атқарушы билік өкілдері осыған уағдаласты. Алқалы жиында сайлауалды бағдарламалар мен президенттің бастамаларынан туындайтын міндеттерді бірлесе атқару жайы сөз болды. Бұл өз кезегінде қос тараптың тікелей байланысы мен нәтижелі іс-қимылына жол ашады, дейді қатысушылар.