Елдің дамуы мен жетістігі халықтың патриоттық белсенді әрекетіне тікелей байланысты. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілердің волонтерлік іске етене араласуы – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізетіні анық. Сондықтан биылғы жылдан бастап Жамбыл облысында «Еріктілер кеңесі» құрылды.