Жылыту маусымына 100 пайыз дайынбыз. Бұл жауаптылардың жыл сайынғы айтатын уәжі. Бірақ, жеме – жемге келіп, қыс қаһарына мінгенде әйтеуір бір кемшілік шығып жатады. Бұл қалыпты жағдай болып кеткен сыңайлы.

Мәселен, Тараз қаласында былтыр көпқабатты үйлер жылымай, тұрғындар әбден жаураған еді. Осындай олқылықты болдырмау үшін облыстағы жауапты мамандар өз жұмыстарын тағы бір пысықтады. Сондай –ақ, қуаты күшті электр бағаналарының тұрғындарға қауіпсіз жерде орналасуын да назарға алды.