Таразда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I Өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталды. Аталған іс-шарада қос мемлекеттің үкімет басшылары кездесті. Екі күндік форум барысында құны 65 млн долларды құрайтын құжаттарға қол қойылды.

Облыс орталығында өткен бұл форум бауырлас Қазақ-Қырғыз мемлекеттерінің жан-жақты қарым-қатынасының нығая түскендігін айқындайды.