Шерхан Мұртаза атындағы тарихтану және руханият орталығының мәжіліс залындағы ресми кездесуден кейін, Өңіраралық форум аясында Достық үйінде іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Екі тақырыпта панелді сессия өткізілді.
Соның бірі "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы өңірлерінің инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктері". Бұл бойынша қос тарап бірқатар баяндама жасады.