Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті мәселе. Бұл ретте үлестік құрылыс саласын реттеу жауапткершілігі де арта түскені белгілі. Жаңа жылжымайтын мүлікке сұраныс артқан сайын тұрғын үй саласындағы заңды айналып өтетін негізсіз ұсыныстар да көбейген. Сондықтан сала мамандары үлескерлер мен кәсіпкерлердің назарына бірнеше қағидаларды ескертеді.