Облыста жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында

57,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд. теңгеге артты. Ал ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылып, 14,4 мың гектарға ұлғайған.

Мұндай оңды өзгерістер құрылыс саласында да орын алып жатыр. Мәселен, жайлы мектеп жобасы аясында биыл аймақта 7 мектеп бой көтереді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасымен 10 амбулатория ауылдық ағайынның игілігіне пайдалануға беріледі.