Қазақстан-Сингапур арасындағы тауар айналысы былтыр, 65 пайызға өсіп, 2 млрд долларға жуықтаған. Сондай-ақ, осы кезеңде сингапурлық инвестиция көлемі 6 есе өсіп, 400 млн доллар болып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы бизнес-форумда белгілі болды. Бүгінде Сингапур – Қазақстанның ASEAN аймағындағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Форум қорытындысы бойынша сауда, инвестиция, логистика және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдар жасалды. Құны 275 млн доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.