Облыстық сайлау комиссиясы Жамбыл облысы мәслихатының ресми түрде тіркелген VIII шақырылым депутаттарының алғашқы сессиясын өткізді. Жаңа құрамның алғашқы отырысында Жамбыл облыстық мәслихаттың жаңа төрағасы сайланып, тұрақты комиссиялардың құрамы бекітілді.

Сайлау комиссиясының төрағасы саяси науқанның жоғары дәрежеде өткенін атап көрсетсе, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ел сенімін арқалаған халық қалаулыларын атқарушы билікпен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.