Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында жыл сайын наурыз тойы ерекше сән-салтанатымен аталып өтіледі. Биыл Ұлыстың Ұлы күнін өткізу эстафетасын осы ауылдың 1983 жылы туған түлектері алыпты. Туған жерге туыңды тік демекші ауыл азаматтары аламан бәйге, бата жарыс, дәстүрлі ойындар ұйымдастырып, ауылда дүбірлі той өткізді.