Елімізде өтіп жатқан сайлауды бақылауға әлемнің 41 елінен және 12 халықаралық ұйымнан 800-ге жуық байқаушы келген. Мәселен ТМД Парламентаралық ассамблеясы миссиясы құрамында 60-тан аса сарапшы бар. 16 мемлекеттің орталық сайлау комиссиясының төрағалары да дауыс беру процесін бақылауға қатысып жатыр. Халықаралық байқаушылар сағат сайын брифинг өткізіп, журналистерге сайлаудың өтуіне қатысты ақпарат беруде.